Жыл басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендер жоқ, яғни КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілген. Секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқасы айналыста жүр", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
ҚР мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды.
Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:
Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады:
ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.