Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде тамыз айының 2-і күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін өкпеге түскен қатерлі ісікті ерте сатыда анықтау мақсатында «Ашық есік» күні өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тамыз айының алғашқы екі күні бүкіл әлем халқы өкпе қатерлі ісігімен күрес күнін атап өтеді. Осыған орай, «Ашық есік» күні онкологиялық диспансер мамандары өз денсаулығына бейжай қарамайтын барлық тұрғындарға төмен дозалы компьютерлік томография көмегімен ақыл-кеңес беріп және тегін тексереді.
«Әлем бойынша 35 мемлекет өкпе қатерлі ісігінен өлетіндер саны бойынша көш бастап тұр. Сондықтан, өкпе қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айлығына орай, ашық есік күні келіп тексеріліп, Сіздің аты жаман ауру туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндігіңіз бар», - деп жазылған облыстық онкологиялық диспансердің хабарламасында.