Қарақия ауданы әкімінің өкімі негізінде Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Қуаныш Аяпберген тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия ауданы әкімідігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуаныш Аяпберген — 1982 жылы 10 қарашада Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Отбасылы. Алғаш еңбек жолын 2003 жылы Маңғыстау облыстық соттар әкімшісінің Ақтау аумақтық учаскесінде сот орындаушысы болып бастаған.
2003 - 2004 жылдары МО Әділет басқармасы Ақтау қалалық АХАЖ бөлімінде маманның міндетін атқарған.
2004 жылы Ақтау қалалық әділет бөлімінде маман; Маңғыстау облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінде жетекші маман қызметінде болған.
2005 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің тұрғындарды тіркеу мен құжаттандыру жұмысын ұйымдастыру бөлімінде бас маман лауазымында болған.
2006 - 2007 жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Қарақия аудандық әділет басқармасында басқарма басшысы болып қызмет еткен.
2008 - 2013 жылдары Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы РМК Қарақия аудандық филиалында филиал басқарушысы қызметін атқарған.
2014 жылы Жаңаөзен қаласында «Бұрғылау» ЖШС Заң бөлімінде заңгер; «Holding - Altyn Dan» АҚ Вице президент; «Holding - Altyn Dan» АҚ Президент көмекшісі болып жасаған.
2015 - 2019 жылдары ҚР ӘМ РҚАО Маңғыстау аймақтық құқықтық ақпарат орталығында директордың орынбасары лауазымын атқарған.
2019 - 2024 жылдары ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат орталығы РМК Маңғыстау облыстық филиалының директоры болып қызмет еткен.
Аудан басшысы жаңа басшыға ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма беріп, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.