«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы мұрағаты» атты танымдық эко-тур өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турға аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, ауданға қарасты елді-мекендердердің белсенді және волонтер жастары мен «NEET» санатындағы жастары шықты.
Қатысушылардың алғашқы аялдамасы Маңғыстау ауданында орналасқан бойы аңыз бен тарихқа толы «Шерқала» тауында болды.
Содан соң жастар "Көгез этно ауылына" барып, қазақи нақышта бой көтерген этно-ауылдың қызметтерімен танысып, ұсынылған астан дәм татты.
Турдың басты мақсаты - жастарды жергілікті экологияға бей-жай қарамауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
Саяхаттың соңғы нүктесінде жастар, жолаушылардың демалыс орнына айналған «Ақмыш» бағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.