Қарақия ауданында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Мемлекеттік қызметшілер аудандық кітапханаға барып, кітап қорын толтыруға жәрдемдесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Кітап ойды өсіреді, логиканы дамытады, рухани кемелдендіреді. «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана», деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, тәнді тынықтырғандай, жанды тынықтыру мақсатында осы акция жүргізілді. Біз ұрпақтың кітапқұмар болып өсуі үшін кітапхана қорын молайтуға бар күшімізді салып жатырмыз. Қарақия ауданы әкімінің аппараты акцияны алғашқы болып жүзеге асырды, жоба болашақта жалғасын табады деген үмітіміз бар, - деді Қарақия аудандық әкімдігінің өкілдері.