Мұнайлы ауданында үй ауласында ойнап жүрген кішкентай балалар, далаға шығып, белгісіз бағытқа бет алып, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданы полиция басқармасының хабарлауынша, “А” есімді азамат кешкі 22:00 шамасына 102 желісіне хабарласып, ауласында ойнап жүрген 6 және 4 жасар балдарының белгісіз бағытқа кетіп қалғандарын байқап, өздері іздестіріп, алайда таба алмағасын полициядан жәрдем сұраған.
Кейін сол аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары шұғыл балаларды іздестіруді бастаған.
«Жедел іздестіру барысында 30 минут шамасында полиция қызметкерлері баланы тауып, ата-анасына аман есен тапсырып, профилактикалық сұхбаттар жүргізген», - деп жазылған хабарламада.