Ақтауда 12 шағынаудандағы «Барс Ойлға» қарсы қиылыста Hyundai sonata көлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген қызыл түсіне өтіп кетіп, жол апатын тудыра жаздаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бап бойынша әкімшілік хаттама жасақталғанын айтты.
Сондай-ақ 12 шағынаудағы 11 үй ғимаратының жанында Сhevrolet cobalt автокөлігінің иесі жаяу жүргіншілер жолына өз көлігін қойып кеткен.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.