Жағалауда өткен жазғы ойындарға Маңғыстаумұнайгаз, Өзенмұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Казнипи, Қазпошта, Маңғыстауэнергомұнай, Каспибитум, Жол сапасы, ОСК, Қазтрансойл, Өзенэнергомұнай, ОТК, Теңіз сервис, Қарақұдықмұнай, Қазақкөліктеңізфлоты мекемелерінің жастары қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған шараны «Риза-Ана» қоғамдық қоры облыстық Жастары саясаты басқармасының тапсырысымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «өңірдегі өндірістік кәсіпорындағы жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында іске асырды.