© Ашық дереккөздерден алынған фото
Маңғыстаулық шахматшы Бибісара Асаубаев Тбилисиде әйелдер арасында өткен ФИДЕ Гран-Приінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз Грузиядағы турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады. Бұл сында Асаубаева екі мәрте жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнаған. Аталған сында 6 ұпаймен Польша шахматшысы Алина Кашлинская жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі үш жеңіс және жеті тең ойын болып отыр.
Ал үшінші орынға 5 ұпай еншілеген Грекия өкілі грекиялық Ставрула Цолакиду қол жеткізді. Грек шахматшысы бір рет жеңіске жетсе, 8 ойынды тең есеппен аяқтады.
Маңғыстау облысының өкілі Бибісара Асаубаева блицтен екі дүркін әлем чемпионы атанған. Танымал шахматшы 2021-2022 жылдары өткен әлем біріншіліктерінде топ жарған еді. Сонымен қатар, Бибісара 2021 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде есімі тарихқа енді.