Қараңғыда теңізге шыққан Маңғыстау тұрғындары қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмады. Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке жедел жетті. Олар 1993 және 1994 ж.т. жастарды тауып, жағалауға жеткізді. Ерлердің жағдайы тұрақты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ еске салады:
- теңізге желді ауа райында шықпаңыздар;
- сап-бордқа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.
Қауіпсіздік сенен басталады!