Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселелері бойынша уәкілетті органмен байланысын жеңіл орнату үшін «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгінуі жеткілікті.
Аталған сервис азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты шағым беруге немесе бюрократияны төмендету, бизнес-процестерді оңайлату жөнінде ұсыныстарын жедел жасауына мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес, департаментпен аталған бот-платформа арқылы келіп түскен шағымдары қаралып, қызмет алушыларға тиісті жауаптар ұсынылып, құқықтары бұзылған жағдайда жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік қызмет алу кезінде туындаған мәселе бойынша жүгінген қызмет алушы 2024 жылдың басынан бері «бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалына бірнеше рет өтінішін жолдап, алайда телефон байланысы арқылы 6 айдан бері жәрдемақысын тағайындай алмай жүргендігі бойынша шағымданды. Қызмет алушымен уақытылы кері байланыс орнатылып, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында Департаментпен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен бірлесіп қажетті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде Департаменттің және аталған ұйым мамандары құзырлы органдар тарапынан жұмыстар жүргізіліп, телефон байланысы арқылы қызмет алушының құжаттарындағы сәйкессіздіктері ескертілді. Кейін оларды реттеу реттеп, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Департаменттің араласуынан кейін аталған филиал мамандарымен бірлесіп кедергілерді жойылды. Ал қызмет алушының құқығы қорғалып, жәрдемақысы тағайындалды.
Сондай-ақ Тelegram бот арқылы шағым түсірген түпқарағандық тұрғынның құқығы қалпына келтірілді. Ол «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шілденің басында өтініш жолдағанын, алайда өтініші «Маңғыстау облыстық Еңбек мобильді орталығы» КММ-нің Түпқараған аудандық филиалына 2 аптадан бері түспей тұрғандығын айтты. Қызмет алушымен кері байланыс орнатылып, құқығын қалпына келтіру бағытында Департаментпен «Маңғыстау облыстық Еңбек мобильді орталығы» КММ-нің Түпқараған аудандық филиалымен бірлесе қажетті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде Департаменттің және құзырлы органдар тарапынан жұмыстар жүргізіліп, ақпараттық жүйедегі сәйкессіздіктер жойылды. Осылайша қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Яғни қызмет алушы шағым жолдаған күні өтінішін филиалға қайта жолдап сол күні өтініші еш кедергісіз тіркелді.
Жоғарыда аталған қателіктер ақпараттық жүйедегі ақаулықтарға байланысты орын алғаны белгілі болды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқықтар бұзылған немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге қатысты ұсыныстар болған жағдайда азаматтар Ақтау қаласы, 14-шағынаудан 1-ғимарат Б блок мекенжайы бойынша Департаментке жазбаша түрде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы электронды түрде, сонымен қатар EgovKzBot2.0 «Кеңес1414» телеграм-боты арқылы жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаменті