Қазақстанның 26 қаласының ішінен Түркістан, Ақтау, Степногорск, Қызылорда және Атырау өмір сүру сапасының ұлттық рейтингі бойынша көшбасшы болды. Қазақстан қалалары бойынша өз зерттеулерін Экономикалық зерттеулер институты (ERI) 2023 жылдың қорытындысы бойынша ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Зерттеу барысында 110 көрсеткіш қарастырылып, оның 70-і статистикалық және 40-ы сауалнамаға негізделген. Көшбасшы қалалар бірқатар статистикалық көрсеткіштердің оң динамикасы мен қала тұрғындарының өмір сапасына қатысты түрлі сапалық бағалауларын қамтитын сауалнаманың оң нәтижелері негізінде қалыптасты.
Экономикалық зерттеулер институты көрсеткіштердің көп бөлігі статистика және экономикалық блокқа қатысты болғанымен, республикалық маңызы бар қалалар рейтингте көшбасшы бола алмағанын деп атап өтті. Мысалы, Астана 7-ші орынға, Алматы 11-ші орынға ие болды.
Сонымен қатар, сауалнама барысында тұрғындар мектепке дейінгі білім берудің сапасы мен қолжетімділігін, ауаның сапасын, шудың деңгейін, құқық бұзушылықтар мен қауіпсіздікті, әлеуметтік нысандардың болуын, абаттандыру, медициналық қызметтердің сапасын бағалады.
- Қалалардағы өмір сүру сапасының рейтингі олардың күшті және әлсіз жақтарын бағалауда, сондай-ақ болашақ дамудың стратегияларын анықтауда маңызды нұсқаулық және эмпирикалық негіз болып саналады. Нәтижелерді қалалардың маркетингтік стратегиясының бөлігі ретінде пайдалануға болады, - деп атап өтті Институт.