Форт-Шевченко қаласының құтқару бекетіне судан құтқаруға арналған қайық және Газел маркалы автокөлік сатып алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Рахат Елтизаров аталған техникалар суға түсу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін атап өтті.
- Бұл техникалар тұрғындарымызға өте қажет. Жазғы мезгілде демалушылар көп келеді, ал қажетті техникалар арқылы төтенше жағдайлардың алдын алып, қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік болады. Осы техникаларды алуға көмек берген облыс әкімдігіне алғыс білдіреміз, - деді аудан басшысы Р. Елтизаров
Жалпы суға түcy маусымы басталғалы ауданда 4 адам құтқарылды.