Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Белгілі журналист, «Маңғыстау медиа» ЖШС директоры Гүлмира Әбішева «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлмира Әбішева 31 арна, «Хабар» телеарналарында, Азаттық радиосында, «Ар.кз», «Тумба» газеттерінде еңбек етті. Соңғы жылдары облыстық Қоғамдық коммуникация мен облыс әкімінің баспасөз қызметін басқарды. Бүгінде өңірдегі 8 басылым мен 1 ақпараттық интернет сайты кіретін медиахолдингке жетекшілік етеді.
Айта кетейік, бүгін 28 БАҚ өкілі алғаш рет мемлекеттік наградамен марапатталды. Оның ішінде «Құрмет» ордені , «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, «Құрмет» грамотасы бар.