1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Департамент және аумақтық басқармалармен келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілуде:
2.Жиі және көбірек қандай мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін өтініштер түседі?
Мемлекеттік қызметтер электрондық форматта, яғни "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2023 жылы облыс бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге Е-лицензиялау порталы арқылы 1724 өтініш түскен. Соның ішінде 773 өтініші эпидемиялық мәні жоғары объектілерге санэпидқорытынды беру бойынша, 575 өтініші жобаларға санэпидқорытынды беру бойынша. Яғни осы 2 мемлекеттік қызмет түрлері жиі көрсетіледі.
2024 жылдың 5 айында Департамент және аумақтық басқармалармен Е-лицензиялау порталы арқылы 528 өтініш қаралып, оның 407-не рұқсат құжаттары, 121-не дәлелді бас тартулар берілген.
Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттелген.
Сонымен қатар, маман сертификатын беру Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Электрондық түрде е-лицензиялау порталы арқылы сіздің мекемеге мемлекеттік қызметтен басқа хабарламалар да жолданады. Жолданатын хабарламалар туралы айтып өтсеңіз?
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңына сәйкес е-лицензиялау порталы арқылы Департаментке және аумақтық басқармаларға келесідей хабарламалар жолданады:
- Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама (эпидемиялық мәні болмашы объектілер тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген);
- Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;
- Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
Матаева Карлыгаш Болатбаевна,
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары