Қазір облыс аумағында спирттік ішімдік ішіп жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Рейд барысында Жаңаөзенде түнгі мезгілде спирттік өнім сатқан 2 азық-түлік дүкені анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция өкілдері кәсіп иелерінен белгіленген уақытта ішімдік сатпай, талапты орындауларын сұрайды.