23 маусым Олимпиада күнінде туған нәрестелерге арнайы құттықтау сертификаттары мен шағын естелік сыйлықтары табысталды. Аталған шараны ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада күні Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығында 16 сәби өмірге келді. Оның ішінде 9-ы - қыз, ал 7-і - ұл бала.
Акция отбасы арасында Олимпиадалық құндылықтарды насихаттауға бағытт алған.