
© Сурет Азаттық рухы сайтынан алынды
Маңғыстау ауылында күйеуі пышақ жарақатын салған 24 жастағы әйел облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің сол жақ іш қабырғасы мен кеуде қуысы қатты жарақаттанған. Облыстық аурухана дәрігерлері шұғыл ота жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің ішкі қабырғасы қатты зақымдалған. Өкпе тіндері, диафрагмасы мен бауырына зиян келген.
- Сонымен қатар науқастың аяқ-қолы бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Әйел жүктіліктің 10-аптасында болған. Операциядан кейінгі әйелдің жағдайы тұрақты ауыр. Ақыл-есі сау, біркелкі. Гемодинамикасы тұрақты. Қазір жансақтау бөлімінде тұрақты ем алып жатыр, - дейді аурухананың баспасөз қызметі.