Ералы Тоғжанов Премьер-Министр Олжас Бектеновтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1988-2001 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры.
2001-2006 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.
2008-2017 жылдары - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі.
2019-2020 жылдары Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарған.
2020 жылдың 11 ақпанында Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылдың 18 қаңтарында Президент жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.
2022 жылдың 11 қаңтарында Президент жарлығымен ол қайтадан Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болды. 2023 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.