Жыңғылды ауылының әкімі лауазымына 18 тамызда өткен сайлау қорытындысымен Әсет Маратұлы сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әсет Маратұлы 1993 жылы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында туған. 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығын тәмамдаған.
2013-2017 жылдары Жыңғылды ауылы әкімінің аппаратында, 2017-2018 жж. Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінде, 2019 жылы Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында, 2020-2024 жж Ақтау қалалық құрылыс бөлімі, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында статист, «Ақтау тұрғын үй» ЖШС мамандандырылған ұйымында директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2024 жылдан бастап осы кезге дейін «Нұрсат» ЖШС-да инженер қызметін атқарды.
Аудан әкімі Ғалымжан Мұқырұлы ауыл активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.