Маңғыстау облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Telegram мессенджері арқылы өңірімізде жалған купюралар, қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттарды сату сияқты заңсыз фактілерді анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз қызметтің жолын кесу мақсатында мамандар цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып 16 Telegram арнасына қолжетімділікті шектеген.
«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және азаматтардан әлеуметтік желілерде қылмыстық белсенділік анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.