Әлеуметтік желіде Ақтауда жол бойында соқтығысып қалған 3 көліктің видеосы тарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы қаладағы 3 өндірістік аймақ маңында болған. Тойота Авалон маркалы автокөлік иесі көлікті тізгіндей алмай қалуы себебінен басқа көлік құралдары мен адамдардың денсаулығына зиян келген. Қазір жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік айыптұраққа қойылған.