Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ержан Қожаев жаңа басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ержан Қожаев 1985 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2023 жылы Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы университетінде «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек өтілі:
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін « Astana Security» ЖШС – нің директоры ;
2011 жылдан «Арлан» шығыс жекпе-жек мектебінің директоры;
2012 – 2017 жылдар аралығында Қазақстан Каратэ-до WKF жастар құрамасының аға жаттықтырушысы;
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін республикалық Джиу-Джитсу және аралас жекпе –жек түрлері федерациясы Қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының президенті;
2022 - 2023 жылдар аралығында Каратэ-до WKF Сауд Арабиясы құрамасының аға жаттықтырушысы;
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты.
Жетістіктері:
Каратэ-до WKF түрінен Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері;
Каратэ-до WKF түрінен Азия чемпионатының 2 мәрте жеңімпазы;
Қазақстан Республикасының Үздік спортшысы;
2007 жылы Маңғыстау облысында «Жыл адамы» номинациясының иегері;
2002-2010 жылдары Каратэ-до WKF түрінен Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны;
2017-2019 жылдары Каратэ-до WKF түрінен Үздік жаттықтырушы ; Каратэ-до WKF түрінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – қара белбеу 4 дан;