Облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Жомарт Қобланов жаңа басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа басшы Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастарған конкурс нәтижесінде жаңа міндетке кірісіп отыр.
Жомарт Дүйсембіұлы 1994 жылы Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Ол бүгінге дейін дзюдо және самбо күресінен ҚР спорт шебері, дзюдодан ҚР чемпионы. Сондай-ақ Азия және Еуропа кубогында жеңімпаз атанған.
Сондай-ақ, Маңғыстау ауданы әкімінің алғыс хатымен, құрмет грамотасымен, Ақтау қаласының әкімінің алғыс хатымен, Ақтау қаласы әкімінің құрмет грамотасымен және Маңғыстау облысының әкімінің алғыс хатымен, Маңғыстау облысының әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Ол 2012-2016 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясын дзюдо жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірді.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо бөлімінің бапкері ретінде бастады.
2018-2023 жылдары Маңғыстау облыстық самбо федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.
2023 жылы-оқу ісі бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін өңірлік «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының міндетін атқарушы қызметінде болды.
Жаңа басшысы ұжымға таныстыру кезінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар берді.