Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтарымен айыпталған азаматқа қатысты шешімі шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса iрi мөлшерде психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған дерегімен сотқа берілген қылмыстық іс қаралған еді.
Алқабилердің кесімімен азамат “А” аталған қылмысты жасауға қатысуы дәлелденбегені үшін ақталып, сот залынан босатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Үкіммен келіспеген жағдайда, тараптар оған шағым келтіруге құқылы. Шағым түскен жағдайда, апелляциялық саты сот актісінің заңдылығын тексеріп, шешім қабылданатын болады.