Бүгін түнде 14 шағынаудан 24 үйден әйел адамның мәйіті табылды. Қылмыскер кейіннен пәтерді өртемек болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ПД кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ПД баспасөз қызметі.