Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жасалып жатқан жұмыстарды тексерді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Жасыл-желектер мына мекен-жайларға отырғызылды:
-15 ш/а «Самал» теңіз жағалауы;
-7 ш/а мен 5 ш/а аралығындағы жол жиегі;
-11А ш/а мен 24 ш/а аралығындағы жол жиегі;
-12 ш/а «Тобанияз» саябағының маңы;
-9 ш/а және 10 ш/а аралығындағы жол жиегі;
-15 ш/а «Самал» жол жиегі;
-4А ш/а «Ақбота» саябағы;
-5 ш/а Жалау Мыңбайұлы ескерткішінің маңы;
-34 ш/а жол жиегі;
-19А ш/а Ә.Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің маңы.
Көгалдандыруға жауапты мердігер мекеменің мәліметінше, жалпы биыл қалада 803 қылқан жапырақты, 625 жапырақты ағаш, 10 мың бұта егілді. Мердігер компания экологиялық акция аясында қаланың басқа аумақтарына да көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді.