Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қалаға қосымша бағдаршам орнатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Көлік кептелісінің алдын алу мақсатында 13, 15, 17 шағынаудан жол қиылысындағы, яғни 15-17 ш/а бағытынан 13-17 ш/а бағытына қарай солға бұрылатын қосымша бағдаршам орнатылды”, деп жазылған Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.