25 қараша күні Түпқараған ауданының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Рахат Елтизаров, аудан ардагерлері, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар азамат және тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және ауданы әкімі Рахат Елтизаров түлеген түбектің тарихына тоқталып, тұрғындарды құттықтады.
Содан соң жиында еңбегі еленген бірқатар азамат Түпқараған ауданының Құрмет Грамотасымен, Түпқараған ауданының 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгісімен, аудан әкімінің алғысымен марапатталып, Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы атағы табысталды.
Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы атағы «Құрмет»орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, әлеуметтік саласының үздігі «Үздік мемлекеттік қызметші» иегері әуесқой сазгер Айкүміс Досановаға, Ақшұқыр
мектеп-лицейінің директоры Қаламқас Тлеубаеваға, Еңбек ардагері Бердібек Бердиғалиевқа, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ауданның бас дәрігері қызметін атқарған медицина саласының ардагері Гүлшат Шалабаеваға, Еңбек ардагері Айтбай Шариповқа, Ақшұқыр ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Тәжмағамбет Кезбайұлына, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде және 2006-2008 жылдар аралығында Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарған Балабай Чельпековке және қос Еңбек ардагері Макиш Далиев пен Хадиша Дүйінбаеваға берілді.
Мерекелік кеш өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кеште Қазақстан Республикасының эстрада жұлдызы, Түпқараған ауданының тумасы Тамара Асар өнер көрсетті.