Дана Өтелген – Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласының тұрғыны. Биыл 18 жасқа толған. Ол бүгін ҚР Презиндентінің сайлауына қатысып, өз даусын берді. Мемлекет үшін маңызы бар сайлауға алғаш рет қатысып, таңдаған кандидатына дауыс берген Дана өз замандастарын да сайлауға бей-жай қарамауға шақырады:
– Бүгін расымен де, ерекше күн. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. Ашық түрде өтіп жатқан сайлау біздің болашағымызды анықтаушы сәт,- дейді ол.