Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылында ауа райының күрт өзгеріп, қатты жел тұруы кезінде бірнеше үй зардап шекті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осыған қатысты аудан әкімдігі түсініктеме беріп, тұрғындарды абай болуға шақырды.
«Сайын Шапағатов ауылдық округінде жеке тұрғын үйдің шатыры ауа-райының әсерінен ұшып кетіп, бағаналардағы сым үзілді. Соның салдарынан ауылда бірнеше көшеде тоқ көзі уақытша ажыратылды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызмет мамандары жұмыс жүргізіп жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз», - деп пікір білдірді Түпқараған ауданы әкімдігі.