Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров "Қараған түбек" ЖШС-не қарасты "Нұрқабай", "Қызылсығыра" мал шаруашылығымен айналысатын азаматтармен кездесіп, шаруаның мән-жайымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қараған түбек" ЖШС биыл шамамен 100 мың түк шөп шабуды жоспарлаған. Қазіргі таңда қысқа дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, шөп шабу жұмыстарын 1 шілдеде басталған.
Сонымен қатар аудан басшысы шабындық жеріне арнайы барып, мал қыстату науқанына дайындық жұмыстарын бақылады.
Шаруалармен кездесу барысында аудан басшысы Рахат Тезекбайұлы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін айтты. "Қараған түбек" ЖШС "Қызылсығыра" жерінде мал шаруашылығын дамыту бағытында цех құрылысын жүргізуде, онда түйе сүтінен түрлі өнім шығаруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, аудан тұрғындарына 1 түк шөп қолжетімді бағада 800 теңгеден сатылып жатыр.