Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан 227-референдум учаскесіне ауданда би өнерінің негізін қалаған Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, "Ерен еңбегі" медалінің иегері Гүлнара Жолдыбаева жалпыұлттық референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
– Бүгін біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін елімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс, – дейді мәдениет саласының үздігі Г. Жолдыбаева.