Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті ауа райы қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман орын алды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғуда, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Осыған байланысты ТЖ департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына көктайғақ және желдың күшеюі кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, аса қажет болмаса далаға шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.