Қарындасын қорғаймын деп пышақталып, ауыр халде түскен жігіт бүгін толықтай жазылып ауруханадан шықты. Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қауновтың айтуынша жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ота жасалған орындардың жібі алынып, жаралары асқынусыз жазылды. Тыныс алу органдары, өкпесі өз қалпына келді. Пациенттің ешқандай шағымы жоқ. Алдағы уақытта тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәрігер бақылауында болады», - деді ауылдың бас дәрігері Б. Қаунов.
Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні Жетібай ауылында сұмдық оқиға болған еді. Ауыл тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен оның қарындасын бірнеше жерден пышақтап, оқушы қыз баланы зорламақ болған. Күдікті қазір қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.