Жетібайда кәмелетке толмаған жасөспірімді зорламақ болған және екі адамды өлтіруге оқталған деген дерекпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Масаң күйде болған қылмыскердің құрбандары - оның көршілері. Олар - жас жігіт пен оның қарындасы.
«Күдікті қамауға алынды.Тергеу барысы бақылауда.Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,- делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша қыз бала 8 сынып оқиды. Ал ағасы 23 жаста. Көп пышақ жарақатын алғандықтан олар қазіргі күні ауруханада жатыр.