Маңғыстау ауданының әкімдігі мен апат салдарынан өртке ұласқан Қаратұрын кен орнын игеруші компания 50 миллион теңгеге меморандумға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кәсіпорын Маңғыстау облысының тұрғындарын әлеуметтік қолдауға міндеттелді. Сондай-ақ бірқатар елді мекендегі, атап айтқанда Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдықтағы жобаларға қайтарымсыз қаражат бөлді.
– Бізде қаржыландыруды қажет ететін әлеуметтік нысандар бар. Олардың барлығы да халыққа қажет. Барлық нысанда демеушілік қаражатты пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етіледі,- деп атап өтті Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов.