
Бүгін, 24 қарашада 27 шағын ауданда жылу желілерінде ақау шығуына байланысты 10:00-20:00 аралығында бірнеше үй сусыз қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"КЖСА" МКК хабарлауынша, 27 шағын аудан 1-6 үйге дейін, 8-11 үйге дейін, 13-20 үйге дейін және 57,64,65,66,67,71,72,74,75,76,92 үйлерде су болмайды.
Сондай-ақ 26 шағын ауданның 18-24 үйге дейін, 26-29 үйге дейін және 31,32,35,36 үйлері апатты жағдайда өшірілді, жөндеу жұмыстары кешкі сағат шамамен 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Бұдан бөлек "КЖСА" мамандарының айтуынша, 23 және 24 шағын аудандарда ауыз су құбырында ақау шығуына байланысты 9 ш/а, 10 ш/а, 11 ш/а, 11а ш/а, 12 ш/а, 13 ш/а, 14 ш/а, 15 ш/а, 24 шағын ауданның 18 үйінде де апатты жағдайда ауыз су беру тоқтатылды.