Ақтауда баласын сатпақ болған әйел ұсталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 42 жастағы әйел әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы – Кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің үйін тінту кезінде есірткі заты табылды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі - Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ Kizdar.net сайтына мониторинг жүргізген кезде жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысқан 35 қыз есепке алынған. Оның үшеуі арнайы қабылдау-тарату орталығына орналастырылды.