Ақтауда 7 шағынаудандағы емхана маңында «Mersedes Bens» маркалы автокөлігінің иесі жол жүрісін реттейтін белгіге зақым келтірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасы автокөлік иесі анықталғанын хабарлады.
«Көлік иесіне жол белгісіне зақым келтіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы, 2 бөлігімен хаттама толтырылды», - деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан ақпаратта.