Мұнайлы ауданы, Айрақты Шерқала орталық тас жол бойында қауіпті маневр жасаған жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қауіпті жол көлік маневры Берекет дүкеніне қарама-қарсы тас жолда жасалған.
Мұнайлы аудандық полиция басқармасы «Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі “Ж” есімді азаматтың көлік құралын басқару құжаттары да болмағанын айтты.
Бейнежазбадан автокөліктің мемлекеттік нөмірі жоғын байқауға болады. Ол үздіксіз екі ақ жолақты кесіп, қауіпті маневрды орындаған.
«Көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 5 бөлігіне сай әкімшілік хаттамасы жасақталып 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп жазылған аудандық полиция басқармасының хабарламасында.