Жаңаөзенде бір аптада 486 көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, олардың сегізі ішімдік ішіп, көлік айдаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы бойынша, ұялы телефон қолданып, көлік жүргізген адамдарға 148 хаттама толтырылған. 593-бапқа сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 142 хаттама толтырылған.
Жаяу жүргіншілерге жол бермей көлік айдаған адамдарға 600-бапқа сәйкес 18 хаттама берілген. Белгіленбеген тас жолды кесіп өткен 118 адамға 615 бап бойынша хаттама толтырылған.
Полиция азаматтардың жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қарапайым жол ережесін сақтауын сұрайды.