Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған», деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.