Мұнайды аудандық ПБ-нің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлік басқару құқығы жоқ, сондай-ақ ішкілікті мас күйде көлік құралын басқарған азаматқа айыппұл салды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кеше таңғы 04:00 шамасында Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылындағы Ақкелжан дүкеніне қарама-қарсы тас жол бойында "Лада приора" автокөлігін тоқтатқан.
Автокөлікті тоқтату барысында жүргізушісі “Ж” есімді азаматтың көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және ішкілікті масаң күйде көлік құралын басқарғаны анықталған.
"Көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігіне сай әкімшілік хаттамасы жасақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мұнайлы аудандық сотына жолданды", - деп жазылған аудандық полиция басқармасының ақпаратында.
Айта кетейік, Мұнайлы ауданы көлемінде тамыз айының 19-25 күндер аралығында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.