Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы «Mирас-К» ЖШС-на жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшартты ұзартудан бірнеше рет бас тартқан.
Бас тартумен келіспеген кәсіпорын директоры табиғат қорғау прокурорының жеке қабылдауында болды.
«Материалдарды зерделеу барысында уәкілетті орган «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 28.02.2024 ж. күші жойылған нормаларына сілтеме жасап, кәсіпкерден қосымша құжаттарды негізсіз талап еткені анықталды», деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Қадағалау актісімен келісімшарттың қолданылу мерзімі ұзартылды, ал кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.