Түпқараған ауданының прокуратурасы 2020-2024 жылдарға кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдерін жалға беру заңдылығының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен 331 кәсіпкермен жасалған келісім-шарттарда, соның ішінде 3 инвесторге, жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың үлгілік шартында көзделмеген құқықтарға қосымша міндеттемелер мен шектеулер қойылғаны анықталды.
Мысалы, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Red Pearl» балық фермасы» ЖШС-мен жасалған келісімде жаңа мерзімге шарт жасасу және сатып алу құқығы түріндегі тармақтар алынып тасталған”, - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған 505 шарт сәйкестендіріліп, ауылдық округ әкімі және аудандық бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.