Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу жылы қарсаңында ІІМ 2655 білім беру нысанында қауіпсіздік жағдайына тексеру жүргізілді. Ішкі істер министрлігі білім беру нысандарында қауіпсіздік жағдайларына жүргізілген жоспарлы тексеріс қорытындысы бойынша 1 мыңнан астам бұзушылықты анықтап, 340 басшы жауапкершілікке тартылды. Оқу жылына дайындық деңгейі жеткіліксіз ұйымдарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 95 млн теңгеден асты. Барлығы 2 655 нысан тексерілді.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов бүгінде еліміздегі барлық оқу орны бейнебақылаумен жабдықталғанын, жеке ұйымдар камераларының 55 пайызы Жедел басқару орталығымен біріктірілгенін хабарлады.
«Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында аталған орталыққа қосу жұмыстарын күшейту қажет. Сонымен қатар барлық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының шамамен 85%-ы төтенше жағдай кезінде құқық қорғау органдарымен жедел байланыс орнату үшін дабыл түймелерімен жабдықталған. Олардың ең аз саны бүгінде Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында», - деді Ержан Сәденов.