© Архив
Ақтауда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 74 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517 бабы, 4 бөлімі бойынша белгіленген мерзімінің уақыты өткені үшін 11 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 8 шетел шетел азаматы әкімшілік жолмен еліміздің аумағынан тысқары шығарылған.
«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517 бабы, 5 бөлімі бойынша 28 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз жұмыс істеген 9 шетел азаматы елден шығарылды», - делінген полиция басқармасы таратқан ақпаратта.
25 қазақстан азаматына шетел азаматтарының уақытында тіркелуін қадаламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ шетел азаматтарына заңсыз жұмыс берген еліміздің 5 азаматына әкімішілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
Ақтау қалалық полиция басқармасы елімізге көшіп келген я еңбек етіп жүрген шетел азаматтарына уақытында тіркелуі қажет екенін ескертеді.