© egemen.kz
Алматыда хостелдегі өрттен қайтыс болғандар тізімі жария болды. Опат болғандардың арасында ақтаулық азамат бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті өрттен көз жұмған адамдардың жеке бастары анықталғанын мәлімдеді. Белгілі болған дерек бойынша қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (екі Ресей және екі Өзбекстан азаматы) және тоғызы Қазақстан азаматтары көрінеді.
Оның ішінде ақтаулық Никита Королев есімді азамат бары айтылды. Ол 2003 жылы дүниеге келген. Ол тірі болғанда 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді.
Өрт кезінде қайтыс болғандар тізімі төмендегідей:
1. Абдусаламов Надир Юнусович 11.04.2001ж, Ресей азаматы;
2. Назаров Каюм Кабилович 18.07.1991ж, Түркістан облысы;
3. Андреев Герман Дмитриевич 18.07.2001ж, Ресей Азаматы, Саха республикасы;
4. Айдархан Нұрдәулет Алмабекұлы 30.03.2008ж, колледж студенті, Шымкент тумасы;
5. Абдувохидов Нусрат Абдулла Оглы 29.11.2000ж, Өзбекстан азаматы;
6. Эркинов Бурхон Алишерович 03.08.2001ж, Түркістан облысы;
7. Базаров Асылбек Омарұлы 14.02.1993ж, Түркістан облысы;
8. Ерубайұлы Мейрамбек 06.05.1984ж, Қызылорда облысы;
9. Садықов Суннат Серікұлы 08.08.2001ж, Петропавл қаласы;
10. Королев Никита Дмитриевич 24.12.2003ж, Ақтау қаласы;
11. Әлдибек Бейбарыс Мұсаұлы 22.10.2003ж, Түркістан облысы;
12. Қалиев Сайлабай Индиматдинович, 09.01.2000, Өзбекстан азаматы;
13. Иемберген Дулат Бақытжанұлы, 25.10.2004ж, Алматы облысының тумасы.