«Манчестер Юнайтед» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліпті сатып алуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсетуі себеп.
Манчестер Юнайтед жақында футболшылар үшін қыруар қаражат жұмсаған. Алайда олардың бәрі үмітті ақтай алмаған. Сол себепті клуб ақтаулық талантты футболшыны сатып алмақ. Нұралы Әліптің «Трансфермаркеті» 2 млн еуроға бағаланып отыр. Алайда, осы жазда Фенербахче Нұралы үшін 3 миллион еуро төлеуге дайын болды. Ал «Зенит» 5 миллион еуро бөлуді көздеген.
«Манчестер Юнайтед» қазақстандық қорғаушы үшін қажетті соманы төлеуге дайын.